Құлсары қ., Абдрахманов көшесі, 32 +7 (71237) 7 90 89 · zhyloisu@mail.ru
ЖЫЛЫОЙСУ

Сумен жабдықтау

Басты бет Сумен жабдықтау

Су құбыры желілері және су сорғы станциялары

Құлсары қаласында «Магистральдық суағызғы» ЖШС-нің су тазарту құрылысы бар. Тазартылған ауыз су одан «Жылыойсу» МКК су сорғы станциясына беріледі. Станция 2014 жылы «Игілік» бағдарламасы бойынша салынған және қаланы үш магистральдық бағыт арқылы сумен қамтамасыз етеді.

Станцияда әрқайсысының көлемі 5000 м³ болатын екі ауыз су резервуары бар. Жалпы аумағы — 13 009 м², сорғы ғимараты — 1 675 м². Сорғы залында LOWARA маркалы алты сорғы орнатылған.

Қаланың сақиналы су құбыры желісінің ұзындығы 261 км. 2009–2012 жылдары диаметрі 110–355 мм полиэтилен құбырлар төселді. Желіде 1370 құдық және 459 өрт гидранты бар.

Жазғы тәуліктік су қажеттілігі 11–13 мың м³, қысқы кезеңде 5–6 мың м³ құрайды. Ауыз судың сапасын Ұлттық сараптама орталығының Құлсары қалалық бөлімшесі тексереді.