«Жылыойсу» МКК туралы
«Жылыойсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Жылыой ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі №74 қаулысына сәйкес құрылды. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон кентінде сумен жабдықтау және кәріз қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ жылу энергиясы мен ыстық су өндіреді және қаланың көпқабатты тұрғын үйлерін қамтамасыз етеді.
