Кәріз сорғы станциялары және желілер
Кәріз жүйесі тұрғын үйлерден, коммуналдық және басқа кәсіпорындардан шығатын сарқынды суларды қабылдауға және әкетуге арналған.
Құлсары қаласында 17 кәріз сорғы станциясы жұмыс істейді. Сарқынды сулар қабылдау резервуарларынан қысымды құбырлар арқылы КСС-2 және КСС-5 станцияларына айдалады. КСС-2-де өнімділігі сағатына 250 м³ болатын екі СД250/25 сорғысы қарастырылған.
Одан әрі сарқынды сулар диаметрі 800 мм өздігінен ағатын коллектор арқылы бас кәріз сорғы станциясына, кейін қаладан 11 км қашықтықтағы аумағы 25 гектар булану алаңдарына жіберіледі.
