Жылумен жабдықтау

Орталық жылу қазандығы және жылумен қамту

          «Жылыойсу" МКК өндірістік аймақта орналасқан орталық жылу қазандығы арқылы Құлсары қаласының №1,2,3,5 ықшамаудандарындағы көп қабатты үйлерді жылумен қамтамасыз етеді.

     Құлсары қаласының орталық жылу қазандығында WIESSMANN фирмасының М64А типті Vitomax маркілі 2 дана жылу қазандары орналасқан, әрқайсысының жылу өнімділігі 10,3 гкал/сағ. (12Мвт) құрайды.

     Сонымен қатар, жылу қазандығында Германиядан шығарылған Etanorm G125-200G11 маркілі 3 дана жүйелік (сетевой) насостар (өнімділігі 295,0 м3/сағ, электродвигателінің қуаттылығы 75,0 квт) және жылу құбырын сумен толтырып отыру үшін (подпиточный) Movitec V маркілі 22 квт-тық 3 дана, 4,0 квт-тық 1 насостар орналасқан.

Тоқ болмаған жағдайға арналған резервтік тоқ генераторы бар. Бұл жылу қазандығы 2012 жылы пайдалануға берілді, содан бергі 5 жылдың ішінде №1,2,3,5 ықшамаудандардағы көп қабатты үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді.

     Жылу қазандығында жылу маусымы кезінде 6 оператор, яғни тәулігіне 2 оператордан 24 сағаттық смена бойынша жұмыс жасайды. 

     Қазандықтың жұмысын жүргізу, қадағалап отыру жылу қазандығының басшысына жүктелген. Жылу қазандығы нысаны №3-53-03 нөмірлі телефон жүйесімен қамтылған.

    Жылу қазандығына техникалық су «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-нен Д-110мм полиэтилен құбырмен алынады, су қорын жинау үшін сыйымдылығы 2000м3 су қазан орналасқан. Жылу маусымы кезінде жылу қазандығына тәулігіне 500-600м3 су жұмсалады. Құлсары қаласындағы жылу құбырының ұзындығы-17,0 км құрайды және 2 жылу пункттері (№1,2 пункттер) орналасқан. №1 жылу пункті №1 ықшамауданда орналасқан, ол арқылы осы ықшам-аудандағы жылу жүйелерімен жылу беру реттеліп отырады. Бұл пунктте тәуліктік смена бойынша 3 диспетчер жұмыс жасайды, олар барлық ықшамаудандардың тұрғындарынан түскен ұсыныс-шағымдарды қабылдап, тез арада шарасын алады. 2020 жылдан бастап осы орталық жылу қазандығына қосымша жаңадан 2 дана жылу қазаны бар қазандық салу жоспарланып отыр.

kkҚазақ тілі