Кәріз су айдау станциялары (КНС) және желілер.
Кәріз су желісінің жұмысы тұрғын үйлер және мекемелердің кәріз суларын құбырлар бойымен қабылдау, бұру және тазалау болып табылады.
Қабылданған кәріз сулары құбырлар бойымен қала ішіндегі кәріз су айдау станцияларының шахтасына келіп құйылады, содан кейін насостар арқылы өндірістік аймақтағы КНС-2 және КНС-5-ге айдалады. Бұл КНС-тарда өнімділігі 250м3/сағ. СД-250 маркілі насостар бар, одан кейін жоғарғы қысыммен айдалған сулар қысымды өшіретін (азайтатын) камераға келіп құйылады, содан кейін бас кәріз су айдау станциясының (ГКНС) шахтасына Д-800мм өз бетімен ағатын (самотечный) коллектормен келеді.
Құлсары қаласында кәріз суын тазартатын станция (КОС) болмағандықтан ГКНС-тан айдалған кәріз суы қаладан 11 км қашықтықта орналасқан аумағы 25га булану алаңына жіберіледі.
Қалада барлығы 17 дана КНС орналасқан, оның барлығы кәріз су айдау насостарымен жабдықталған. ГКНС-тың жалпы аумағы 2445м2 құрайды.
Қаладағы жобамен 61000 тұрғынның 40%-ғана орталықтандырылған кәріз су бұру қызметіне қосылған, себебі қаланың жеке секторларында КНС жүйелері тартылмаған, олардың септиктеріндегі сулар вакуум автокөліктерімен сорылып, ГКНС-қа құйылады.
2020 жылдан бастап Құлсары қаласына жаңадан кәріз су тазарту
құрылысын бастау жоспарланып отыр.