Сумен жабдықтау

Ауыз желілері және су айдау станциялары

          Құлсары қаласында «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-не қарасты су тазарту қондырғысы (ВОС) орналасқан, ауыз су осы ВОС арқылы «Жылыойсу» МКК-ның су айдау станциясына (ВНС) беріледі. Бұл ВНС 2014 жылы «ТШО» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасының «Құлсары қаласының су желілерін жаңғырту» жобасына сәйкес іске қосылды., қалаға ауыз су ВНС-тан 3 бағыттағы магистральдық құбырлармен жіберіледі. Су айдау станциясында әрқайсысының сыйымдылығы 5000м3-тық 2 дана су сақтау қазандары бар. ВНС-тың жалпы аумағы 13009м3 құрайды, оның ішінде насостар орналасқан ғимарат-1675м2. Сонымен қатар, онда бақылап өткізу пост (КПП), операторлар ғимараты, КТП ғимараты, резервтік тоқ генераторы, су таситын көліктерге су беретін жер (гусак) бар. Насос залында 6 насос, яғни FHF100-250/750.LOWARA маркілі 4 насос (Q=270м3/сағат, Н=65м, қуаттылығы 75 квт электродвигатель, n-2960айн/мин) , және FHS80-250/370.LOWARA маркілі 2 дана насос (Q=120м3/сағ, Н=65м, электродвигатель қуаттылығы 37 квт) орналасқан.

           Насос залында 6 насос, яғни FHF100-250/750.LOWARA маркілі 4 насос (Q=270м3/сағат, Н=65м, қуаттылығы 75 квт электродвигатель, n-2960айн/мин) , және FHS80-250/370.LOWARA маркілі 2 дана насос (Q=120м3/сағ, Н=65м, электродвигатель қуаттылығы 37 квт) орналасқан.

        Қалада техникалық су болмағандықтан, тұрғындар және мекемелер ауыз суды тұрмыстық қажеттіліктен бөлек, жасыл талдарды, парктер, газон, құрылыстар, көлік жуу, малдардың суару, өрт сөндіру т.б. жұмсалады. 

       Қаланың ауыз су тұтынушылары жаз айларында тәулігіне 11,0-13,0 мың.м3, ал қыс айларында -5,0-6,0 мың.м3 пайдаланады. Ауыз судың құрамын келісім шарт негізінде «Ұлттық сараптама орталығы» ПХВ қарасты Құлсары қалалық бөлімшесіне микробиологиялық, санитарлы-паразитология және толық хим. анализ бойынша зерттеу жүргізіледі, олардың қорытындысы барлық нормаға сәйкес келеді.

kkҚазақ тілі