Қызметтерге шарт жасасу

Қызметтерге шарт жасасу

Сумен жабдықтау және сарқынды суларды әкету қызметіне шарт жасасу

Жеке тұлғалармен шарттар жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі (жеке сектор)

1. Сумен жабдықтау және сарқынды суларды әкету қызметін ұсынуға арналған шарт жасасуға «Жылыойсу» МКК директоры атына арыз;

2. Жеке куәлік (ЖСН);

3. Мекен жай анықтамасы;

4. Сатып алу-сату, сыйға беру шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік (қайта ресімдегенде).

Жеке тұлғалармен шарттар жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі (көппәтерлі сектор)

1. Сумен жабдықтау және сарқынды суларды әкету қызметін ұсынуға арналған шарт жасасуға «Жылыойсу» МКК директоры атына арыз;

2. Жеке куәлік (ЖСН);

3. Мекен жай анықтамасы;

4. Сатып алу-сату, сыйға беру шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік (қайта ресімдегенде).

Заңды тұлғалармен шарттар жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. «Жылыойсу» МКК директоры атына арыз;

2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (БСН);

3. Ауыз судың қажеттілігі есебі;

4. Сумен жабдықтау және суды әкету желілеріне қосылуға рұқсат (жаңа нысандар үшін);

5. Деректемелер.

Заңды тұлғалармен шарттарды бұзу үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. «Жылыойсу» МКК директоры атына арыз;

2. Қарыздардың жоқтығы туралы анықтама, су есептеу құралының соңғы көрсеткіштері көрсетілген өзара есептесулердің салыстыру актісі;

Бұзушылықтар анықталған жағдайдағы ұсынылған қызметтер көлемдерінің есебі

«Жылыойсу» МКК ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы агенттігі төрағасының 26.09.2011ж. №354 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау Әдістемесіне» сәйкес абоненттерде төмендегідей бұзушылықтар анықталған жағдайда қосымша есептеу жүргізіледі:

1. шарт жасаспай елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) сумен жабдықтау желілерінен су пайдалану фактісі анықталғанда (өз бетімен су пайдалану, айналма желі), 22т., 7 т-ша;

2. есептеу құралында пломбалардың жұлынуы (тұтастығы бұзылуы) анықталғанда, 22 т., 4 т-ша;

3. есептеу құралының көрсеткіштерін бұрмалаушы бұйымдарды айқындаған жағдайда (сорғы), 22т., 1 т-ша;

4. сумен жабдықтау жүйесінен ысырап (су ағулар) анықталғанда, 22 т., 2 т-ша;

5. есептеу құралын тексеру үшін қызмет көрсетушінің лауазымды адамын тұтынушы (оның өкілдері) жібермеген кезде, 22 т., 3 т-ша;

6. Қызмет көрсетушіге есептеу құралының ақаулары туралы хабарламаған кезде, 22 т., 6 т-ша;

7. есептеу құралын орнатуға негізсіз кедергі келтіргенде, 22т., 5 т-ша;

8. Өртке қарсы жүйелерінен су пайдалану фактісі анықталғанда, 22т., 8 т-ша;

9. су құбыры арқылы суару фактісі анықталғанда, кірмеде есептеу құралы болмағанда (суару, есептеу құралынсыз құрылысқа), 22 т., 9 т-ша.

ru_RUРусский